Ислам әйелді ерекше мейіріммен қорғап, оған көп жеңілдік берді.
Ислам әйелге нәпақа міндеттемеді. Ол өз баласына, ата-анасына, күйеуіне немесе өзіне қаржылай жауапты емес. Барлық материалдық қажетін күйеуі қамтамасыз етуге міндетті.
Ислам әйелге жұма және жамағат намазын парыз етпеді. Оның күйеуі мен үй шаруасына көңіл бөлуі маңызды.
Ислам әйелге толық мәһр төлеуді міндеттеді. Тек оңаша қалу арқылы мәһр толық беріледі. Ал тек неке қиылуымен мәһрдің жартысы беріледі.
Ислам әйелге некелескен күйеуі қайтыс болған жағдайда да мұрагерлік үлес берді.
Ислам әйелге ана ретінде ерекше мәртебе берді. Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Анаң... содан кейін анаң... содан кейін тағы да анаң... содан соң ғана әкең», – деп әйелдің аналық мәртебесін жоғары қойды.
Ислам әйелді қылмыста куәгер болудан босатты. Оның әлсіздігі мен эмоциялық нәзіктігін ескере отырып, қантөгіс пен ауыр қылмыстарға куәгер болудан қорғады.
Ислам әйелге махрамсыз қажылық жасауды міндеттемеді. Оның қауіпсіздігі мен қорғанысын сақтау үшін қасында сенімді серігі болуы тиіс.
Ислам әйелдің қажылық рәсімінде шашын қысқартуды ғана бұйырды. Оның сұлулығы мен әйелдік ерекшелігін сақтау үшін толық қыруды міндеттемеді, бірақ ерлермен тең сауап берді.
Ислам әйелдің хайыз кезінде талақ етілуіне тыйым салды. Оның көңіл күйі мен денсаулығын ескеріп, күту мерзімінің ұзарып кетпеуін қамтамасыз етті.
Ислам әйелге мұрагерлік үлесін бекітті. Ол күйеуінен, бауырларынан, балалары мен атаанасынан мұра алады, бірақ оның өзі ешкімге нәпақа беруге міндетті емес.
Ислам әйелге мәһрді міндетті түрде беруді бұйырды. Оның разылығынсыз алуға тыйым салды.
Ислам әйелдің келісімінсіз, куәларсыз некелесуге тыйым салды. Бұл оның абыройын қорғап, балалардың тектілігін сақтау үшін қажет.
Ислам әйелге күйеуін ұнатпай қалған жағдайда талақ сұрауға (хулғ) рұқсат берді.
Ислам әйелдің ар-намысын жала жабудан қорғады. Оған жала жапқан адамға 80 дүре соғылып, қоғам алдында масқарасын шығарады. Оның куәлігі ешқашан қабылданбайды. Ислам әйелді қорғау жолында жанын қиған ер адамды шәһид деп атады.
Ислам әйелді өлгеннен кейін де құрметтеді. Оны тек күйеуі немесе әйелдердің ғана жуындыруына рұқсат берді.
Ислам әйелдің кебінін ерлерге қарағанда толығырақ етті. Оның абыройын сақтау үшін бес қабат матамен орауды бұйырды.
Ислам әйелді жаназа намазында да барынша қорғады.
Имам оның денесін жасыру үшін алдыңғы қатарға емес, саптың соңына жасыруды бұйырды.
материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,
ummet.kz