Ер мен әйелдің қарым-қатынасы мәңгі болуы үшін үндеу

Ер мен әйелдің қарым-қатынасы мәңгі болуы үшін үндеу

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ей, ер адам!  Өмірлік серігіңе мейірімді бол.

Сенің әрекетіңді мейірім түсіндірсін, тіліңнен бал тамсын. Оның нәзік сезімі мен таза табиғатын қадірле. Оның жүрегінің мәні мен соғуын түсін. Ашуланба! Дауысың оның даусынан асып түспесін. Қолыңа немесе тіліңе тыйым сал. Сөздігіңнен ренжітетін сөздерді алып таста. Өміріңдегі махаббаттың қайнар көзі бол. Оның бақыты сенің басты назарыңда болсын. Оның қателіктерін кешір, кемшіліктерін елеме. Сүрінген кезін қайта-қайта кешір. Ол үшін мінсіз бол. Сонда ол өзге біреуге мұқтаж болмайды. Оның сезімін толтыр, қалауын өте. Әйел – сенің айнаң. Бергеніңді сен де одан көресің. Егер сен оған жақсылық жасасаң, оның жақсылыққа бөленгенін көресің. Ал егер жамандық жасасаң, айна шындықты ғана көрсетеді.

Ей, әйел заты! Ер адамның жүрегінің кілті – құрмет, қадірлеу және мойынсұну. Онымен қарым-қатынас жасау оңай. Ол күрделі жаратылыс емес. Ақылды ер адамның жүрегі кең. Ол аз ғана нәрсеге мұқтаж, бірақ көп нәрсе бере алады. Ер адам табиғатынан жұбайын барлық қырынан қабылдап, шағымданбай, ренжімей бауырына баса алады. Сенің жақсылығыңды ешқашан ұмытпайды. Оның сезімін, ойлау тәсілін ескер. Кейбір әрекетін түсінуге тырыс. Ол мейірімді. Сырттай басқаша көрінсе де, түбі мықты.

Оның сенен көретіні тек қуаныш пен сүйсіну болсын. Оған өзіңнің ең жақсы ісің мен сөзіңді арна. Оның саған қарауына, сөзіңді тыңдап, жүрегіне жетуіне себепші бол. Одан алыстама да, тастап кетпе. Жүрегіңнің соғуын естірт. Ақылды ер адам сенің бақытың мен сұлулығыңның тірі бейнесіне айналады. Егер екі тарап та бір-бірінің ақысын беріп, бірбірінің кемшілігіне төзсе, бұл қарым-қатынас мәңгіліктің мөрімен бекітіліп, кемелдіктің қаламымен қол қойылған  «бақытты, мәңгі қарымқатынас» болар еді.

материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: