«Әйелін құрметтеген – ардақты, қорлаған – қорланған»

«Әйелін құрметтеген – ардақты, қорлаған – қорланған»

Исламдағы отбасы
Жарнама

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) отбасына ең көркем үлгі көрсетті. Ол (с.ғ.с) әйелдеріне, отбасына әрдайым мейіріммен қарап, сыйластықпен қарым-қатынас жасайтын.

Айша «Алланың елшісі (с.ғ.с): "Сендердің ең жақсыларың – отбасыңа ең жақсы болғандарың. Ал мен сендерге ең жақсы үлгімін”, – деді" (Тирмизи).

Басқа риуаятта: «Әйелін құрметтеген – ардақты, қорлаған – қорланған» – делінген (Ибн Асакір).

Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді: «Иман жағынан ең толық мұсылман – мінезі ең көркем, отбасына ең мейірімді болған адам» (Тирмизи). Бұл – имандылықтың өлшемі тек мешітте немесе көпшілік алдында емес, үй ішіндегі мінезбен өлшенетінін көрсетеді.

Айша – «Үйде Алла елшісі (с.ғ.с) қалай болатын?» – деп сұралғанда, ол былай деп жауап берді: «Ол адамдардың ең жұмсағы, көп күлетін, жарқын жүзді болатын. Үйде отырғанында да салмақтылық пен әдеп сақтайтын» (Ибн Са‘д). Ол (с.ғ.с) әйеліне көңіл бөліп, онымен қалжыңдап, ойын ойнайтын да.

Айша анамыз (р.а) еске алады: «Бір сапарда Пайғамбар (с.ғ.с) адамдарға: “Алдыға шығыңдар!” – деді. Сосын маған: “Кел, жарысайық” – деді. Мен жас кезімде арық болатынмын, жарысып оны оздым. Кейін уақыт өте толыстым. Тағы бір сапарда Ол (с.ғ.с) тағы жарысқа шақырды. Бұл жолы ол мені озып: “Міне, теңестік!” – деп күлді». Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үмбетіне де әйелдерге қамқор болуды үнемі өсиет етті. Қоштасу қажылығында мыңдаған сахабаның алдында: «Әйелдерге жақсылық қылыңдар!» – деп қайталап айтты (Бухари, Муслим).

материал «Бұл Алланың Елшісі (с.ғ.с)» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: