Құрметті жар, жымию – сұлулықтың сыры

Құрметті жар, жымию – сұлулықтың сыры

Исламдағы отбасы
Жарнама

Кей әйелдер  онша сұлу болмаса да, олардың  шатшадыман көңіл күйі мен жеңіл мінезі  күйеуінің көзінде ерекше тартымды етеді.

Олардың жүзінен  әрдайым күлімсіреу, жылы шырай мен көңілді әңгіме көрінеді. Осы қасиеттер  олардың сұлулығын арттырып, күйеуінің алдында ең көрікті әйелге айналдырады. Керісінше, үнемі жүзі жабырқаулы әйел тұрмыстық қиындықтар мен бала тәрбиесінің ауыртпалығын көңіл күйіне сіңіріп, соның әсерінде жүреді. Бұл оның сыртқы көрінісіне де, қарым-қатынасына да кері әсерін тигізеді. Сондықтан күлімсіре! Қабағыңды түйме, көңіл күйіңді бұзба. Себебі шынайы сұлулық – жарқын жүз бен жылы жүректе!

Көп жұбайлар өзара сүйіспеншілікті жойып, отбасылық өмірге зиян тигізетін әрекет жасайды. Егер олардың қарым-қатынасында құрмет қағидалары болмаса, бұл эмоционалдық сууға, махаббаттың жоғалуына алып келеді. Мұның салдарынан көптеген мәселе туындап, алшақтауға немесе ажырасуға әкелуі мүмкін.

материал Нұрбол Рахматилланың «Стамбулдағы тәфәккур» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: