Ерлі-зайыптылар арасындағы махаббатты сақтайтын қасиеттер

Ерлі-зайыптылар арасындағы махаббатты сақтайтын қасиеттер

Исламдағы отбасы
Жарнама

Құрметті ерлі-зайыптылар! Махаббат пен сүйіспеншілікті нығайту үшін мына қасиеттерге берік болыңыздар:

• Ашық жүзділік;

• Әдепті сөйлеу;

• Күлімсіреу;

• Нығметтерге алғыс айту;

• Қиындықтарға сабырлы болу; 

• Жақсы ойда болу;

• Отбасы құпияларын сақтау;

• Істерде ақылдасу;

• Жағдайды ескеру;

• Жұмсақтықпен насихат айту;

• Сәлемдесу әдетін қалыптастыру;

• Шағым мен ренішті шамадан тыс айтудан аулақ болу.

Жолдасын басқа әйелдердің ортасында ғайбаттап, оның кемшіліктерін талқылап, отбасының сырын ашатын әйелден қайыр жоқ. Осындай әңгімеден соң қайтадан үйіне оралып, дастарқанынан ас ішіп, оның жанында ғана өзін қауіпсіз сезінеді.  Мұндай әйелден жақсылық күтуге болмайды. Оның әрекеті жиіркенішті! Жолдасыңның абыройын оның жанында да, жоқ кезінде де сақта! Сенің қадірің де, абыройың да онымен тығыз байланысты.

материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: