Отбасыға төнетін сыртқы қауіптер:
• Дүниеге шектен тыс берілу;
• Батыс мәдениеттің теріс ықпалы;
• Ерлі-зайыптылардың біріне сай келмейтін адаммен мәжбүрлі некеге тұру;
• Сиқыр мен көз тию;
• Ібілістің азғыруы;
• Әйелдерді азғыруға тырысатын арсыз адамдар;
• Ерлі-зайыптылардың арасына от салу, өсек пен ғайбат;
• Жаман достық қарым-қатынастар.
Сонымен қатар шектен шыққан көзқарастар – фанатизм, бейқамдық немесе шексіз бостандық идеялары отбасыға іштен де, сырттан да зардабын тигізіп келеді. Отбасының амандығы үшін ішкі және сыртқы қауіптерден сақ болу – әрбір жанұя мүшесінің міндеті. Қандай жағдай болмасын, балаларыңыздың жүрегіне туыстары туралы жағымсыз естеліктерді салмаңыз. Олардың жүрегін таза, ниетін ақ қылып сақтауға мүмкіндік беріңіз.
материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,
ummet.kz