Балаларымызға мына әдептерді үйретейік

Балаларымызға мына әдептерді үйретейік

Исламдағы отбасы
Жарнама

Балаларымызға мына әдептерді үйретейік:

• Сөйлеу әдебі;

• Жүзінің жылы болуы;

• Күлімсіреу;

• Үлкенді құрметтеу;

• Телефонмен сөйлесу мәдениеті;

• Сыпайы пікірталас жүргізу;

• Қателескенде кешірім сұрауды;

• Түшкіру мен есінеу әдебі.

Балаңыздың денсаулығы үшін:

Таңғы ас – балаға физикалық және ақыл-ой сергектігін беретін қуат көзі. Ол мектепке барар алдында өте маңызды. Тағам түрлерін өзгертіп, әртүрлі әрі құнарлы етіп дайындауға мән беріңіз.

Баланы тәрбиелеуде асыл құндылықтармен ұштастыру оның Исламдық санасының берік қалыптасуына ықпал етеді.

Дұрыс иман негіздерін сіңіру үшін мынадай байланыстар орнату қажет:

• Аллаға деген махаббат пен қорқыныш арқылы Жаратушымен байланысын нығайту.

• Мешіт арқылы құлшылыққа деген сүйіспеншілікті ояту.

• Құран арқылы Алланы ұлықтауды жүрегіне сіңіру.

• Қасиетті Құранды жаттау мектептері арқылы жақсы ортаны қалыптастыру

Пайғамбар (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мен сахабалардың өмірі арқылы дінге берік болуға тәрбиелеу.

материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: