Отбасыңды рухани қорғанмен бекіт

Отбасыңды рухани қорғанмен бекіт

Исламдағы отбасы
Жарнама

Күн сайын бала-шағаңмен бірге кемінде 15 минуттық  имани отырыс  ұйымдастыр.

Бұл уақытты «Риядус салихин» кітабын оқуға арна. Оның пайда зор, берекесі бар. Мұндай рухани кездесулер:

• Балаларыңның дінін дұрыс түсінуіне көмектеседі.

• Әлеуметтік желілерде кең тараған күмәнді пікірлер мен адасудан қорғайды.

• Отбасы мүшелерінің жүректеріне иман нұрын құяды. Бұл игі әдетті тоқтатпа. Мүмкіндігінше тұрақты ет!

Құрметті әйел! Ақылды әрі зерек әйел күйеуін жылы қарсы алып, оның көңіл-күйін оқи біледі. Оны тез өзгерте алады. Оның көңілін аулап, жанына демеу болады.

Құрметті ер! Кейде әйелдің отбасына жеткілікті көңіл бөлмеуінің себебі – күйеуінің оның еңбегіне, балалар мен үй шаруасындағы қызметіне алғыс айтпауында. «Рақмет, Әлидің анасы!» деген қарапайым сөз әйелдің мінез-құлқын айтарлықтай өзгерте алады.

материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: