Отбасылық өмірдің бақытына ықпал ететін факторлар:
♥ Бір-біріне жылы сөз бен мақтау айту. Отбасы бақыты кездейсоқ пайда болмайды. Ол ерлізайыптылардың табанды еңбегі мен шынайы ықыласының нәтижесі.
♥ Тақуалықты ұстану. Алладан қорқу және Оның разылығын іздеу некелік өмірдің берік тірегі. Тақуалықсыз мәселелер әр қырынан туындап отырады.
♥ Өзара құрмет пен сезімталдық таныту. Жұбайыңның көңілін аулап, оның сезімін ескерген жағдайда ғана бақыт орнайды.
♥ Қателіктерді мойындап, оларды түзетуге ұмтылу. Бұл қарым-қатынастың тұрақтылығын сақтайды.
♥ Жұбайың жайлы жақсы ойда болу. Бұл жан тыныштығы мен сенімді нығайтады.
♥ Жарыңның қуанышы мен бақыты үшін әрекет ету. Нағыз отбасылық өмірдің мәні осында.
Алла Тағала барлық отбасыға бақыт пен береке беріп, сүйіспеншіліктерін арттырып, салиқалы ұрпақ нәсіп етсін!
материал Аслан Орақбайдың «Хәл» кітабынан алынды,
ummet.kz