Ізгі ана олардың жүрегіне таухид пен Аллаға деген сүйіспеншілікті сіңіреді. Ізгі ана олардың көкірегіне сүннетті және Пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген махаббатты егеді.
Ізгі ана оларды Құранмен әрдайым байланыста болуға баулиды. Ізгі ана оларға: «Ата-ананың разылығы – Алланың разылығы», – деп үйретеді. Жақсы ананың шынайы көрінісі бұл дүниеде де, ақыретте де екенін ұқтырады. Ізгі ана олардың бар күш-жігерін Алланың разылығына жетуге бағыттайды. Егер анада осы қасиеттер болмаса, онда балалары тек қайғырады. Алайда Алла басқа бір нәрсені қалауы мүмкін. Жасөспірім шақтан өтетін балалардың қырсықтығы мен бұйрықтарды орындаудан бас тартуы – аналар үшін үлкен сынақ. Бұл мәселені даналықпен шешпесе, ата-ана мен бала арасында алшақтық тудыруы мүмкін.
Жасөспірімдермен қарым-қатынаста ерекше тәсіл қажет. Олардың психологиясы мен ойлау жүйесі өзгеріске ұшырайды. Олар ата-анасының кеңестерін өздеріне қайшы деп қабылдайды. Өздерінің дербес тұлға екенін дәлелдеуге ұмтылады. Ата-ананың бақылауын шектеу ретінде көріп, қарсыласуы мүмкін.
Міне, жасөспірім ұлыңыздың қырсықтығын қақтығыссыз жеңуге көмектесетін маңызды кеңестер:
• Ұлыңызды бірден айыптамай тұрып, оның сөзіне соңына дейін құлақ түріңіз. Егер ол бір нәрсені сұраса, бірден үзілді-кесілді жоқ демеңіз. Алдымен оның ойын тыңдаңыз. Оның өтінішін орындай алмасаңыз да, қалауы мен қажетін түсінетініңізді сезінуі маңызды.
• Егер оның сұранысын қабылдай алмасаңыз, себебін түсіндіріңіз. Жай ғана «жоқ!» немесе «үндеме!» деп жауап беру тиімсіз. Балаңызға шешіміңіздің қисынды себептерін түсіндіріп беріңіз. Сонда ол жағдайды дұрыс қабылдай алады.
• Адалдық – сенімді қарым-қатынастың негізі. Егер сіз материалдық жағдайыңызға байланысты оның сұранысын орындай алмасаңыз, мұны ашық айту керек. Баланы отбасы жағдайынан хабарсыз қалдырудан гөрі оны өмірдің шынайылығына біртіндеп дайындау әлдеқайда дұрыс.
• Сабыр мен байыптылық сақтаңыз. Ашуға беріліп, ұрысып сөйлеуден аулақ болыңыз. Бұл жасөспірімнің сізбен дауласып, дауыс көтеруіне әкеледі. Сабырлы болып, дәлелмен түсіндіріңіз. Егер ол даусын көтерсе, әңгімені тоқтатып, кейін жалғастырыңыз.
• Қақтығыс болған жағдайда оған балама шешімдер ұсыныңыз. Егер сіз оның достарымен бір жерге баруына тыйым салсаңыз, оны басқа бір нәрсемен алмастыруға тырысыңыз. Мысалы, отбасылық сапар ұйымдастыруға уәде беріңіз немесе басқа қызық іс-әрекетпен алмастырыңыз. Бұл баланың өзін шеттетілгенін сезінбеуіне көмектеседі.
материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,
ummet.kz