Көптеген ата-ана балаларындағы өзіне сенімсіздік пен әлсіз мінезге шағымданады. Оны қалай нығайту керегін білмей дал болады.
Ең алдымен, баланың мінезін қалыптастыратын да, оны бұзатын да отбасы екенін түсіну қажет. Егер балаңыздың мінезі әлсіз болса, не істеу керек? Әлсіз мінез дегеніміз:
• Бала шешім қабылдауда көп күмәнданады.
• Өз құқығына немқұрайды қарайды.
• Өзгені разы ету үшін өз қажетінен бас тартады.
• Ата-анасына шамадан тыс тәуелді болады.
• Өзін төмен бағалайды.
• Шектен тыс қорғалып, еркелеп өседі.
• Өзі туралы үнемі жағымсыз ойда болады.
• Қатал қарым-қатынаста өседі.
• Ата-ана бір-біріне қайшы тәрбие береді.
• Үйдегі жанжалдар мен келіспеушіліктер жиі болады.
• Өзгелермен салыстырады.
Әсіресе, өзінен мықтылармен салыстырады. Жеті жастан кейін ата-ананың балаға деген көзқарасы оның тұлғалық дамуына үлкен әсер етеді. Баланың іс-әрекеті – бастама, ал ата-ананың реакциясы – жауап. Бұл жауап әрекет баланың мінезқұлқын реттейтін негізгі фактор.
Ата-ананың көбі баласының мінезі мықты болса екен дейді. Ал оған қажетті жағдай жасауды ұмытып кетеді.
Өзіне деген сенімділік – мінезді қалыптастырудың негізгі тірегі. Бұл сенімділік ең алдымен отбасында қалыптасады. Өзін-өзі бағалау мен күшті мінез – біртұтас ұғым. Оларды басқаратын басты ортасы – ата-ана мен үйдегі тәрбие.
материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,
ummet.kz