Сафия бинт Хуйай – ақылды, сыпайы, жүзі нұрлы әйел еді.
Исламды қабылдағаннан кейін Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оны өзіне неке етті. Бұл хабарды естігенде, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) басқа жұбайлары да оны көргісі келеді. Айша анамыз (р.а) жүзін көрсетпестен Сафияны көріп қайтады.
Оралып келгенде, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жылы жымиып сұрайды:
- «Сафияны көрдің бе?»
- «Иә, көрдім…» - дейді Айша (р.а).
- «Қалай көрдің оны?» - дегенде, Айша анамыз (р.а) қысқа ғана:
- «Ол – яһудилерден келген әйел…» - деп қоя салады.
Бұл жерде Айшаның (р.а) қатты қызғанышы байқалады. Сафияның сұлулығын, мінезін сөзбен сипаттамай-ақ, «Яғни, көрдім… бірақ айтатын ештеңе жоқ» дегендей.
Ал қызғаныш – әйел жаратылысының нәзік шындығы. Сүйген жүрек қашан да өз орнын жоғалтқысы келмейді.
материал «Халал сиқыр» кітабынан алынды,
ummet.kz