Үнемі қорқыту мен жазалау баланы өтірік айтуға итермелейді. Себебі ол жазадан қашқысы келеді. Тәрбиеде айқай мен ашуды қолданатын ата-ана баланың күйзелуіне себеп болады. Нәтижесінде ол айналасындағыларға агрессивті бола бастайды.
Балаңыздың қателіктерін қайталай бермеңіз. Сол қателікті жалғастыруы мүмкін. Балаңыздың жақсы жағын елемеу оның өзін әрдайым қателесіп жүрмін деп ойлауына алып келеді. Балаларыңызға жалған уәде бермеңіз. Себебі бұл сізге деген сенімін жоғалтуына себеп болады. Кеш болмай тұрып...
Егер балаңыз сіз үйге кіргенде қуанып қарсы алмаса, бұл қалыпты жағдай емес! Бұл – сіз бен балаңыз арасындағы жылы қарым-қатынастың әлсірегенінің белгісі.
Ойланыңыз: сіздерді байланыстыратын мейірім жібін не үзіп жіберді? Бұл технологиялық ойындар мен әлеуметтік желілердің әсері ме, әлде сіздің өз қарымқатынасыңыздағы қателіктер ме? Кеш болмай тұрып, балаңызбен арадағы сүйіспеншілік көпірін қайта құруға асығыңыз! Мейірімді болу мен қаталдық танытудың арасында қарама-қайшылық жоқ.
Қатаңдық – қаталдық пен жұмсақтықты тең ұстау. Нағыз дана тәрбиеші – шектен тыс қаталдыққа бармай, тек қажет кезде табандылық таныта алатын, жұмсақтықты әлсіздікке айналдырмай, даналықпен қолданатын адам.
Баланы немесе жасөспірімді басқалардың алдында жазалау – зиянды әрі қауіпті әдіс. Мұндай тәсіл оның әрекетін емес, тікелей жеке тұлғасына нұқсан келтіреді. Бұл баланың өзіне деген сенімін төмендетіп, ішкі дүниесіне ауыр әсер етеді. Сондықтан баланы түзету кезінде оны жұрт алдында ұялтудан аулақ болу керек. Керісінше, оған оңтайлы түрде дұрыс жол көрсету маңызды.
материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,
ummet.kz