Алла Тағала жәннаттағы әйелдерді сипаттағанда:
«Олар көздерін тек өз ерлеріне ғана салады», – деп, ең алдымен нәзіктік пен ұятты атады. («Саффат» сүресі, 48-аят).
Одан кейін ғана: «Олар інжу мен маржан сияқты», – деп, сұлулықтарын сипаттады. ("Рахман" сүресі, 58-аят).
Алла Тағала сұлулықтан бұрын ар-намыс пен ұятты алдыңғы орынға қойды. Нәзіктік пен ұят болмаса, әйелдің сұлулығының ешбір мәні жоқ!
Жақсы күйеу әйелінің кемшіліктерін, тіпті, оның туыстарынан да жасырады. Ал жаман күйеу әйелінің кемшіліктерін дұшпандарына да айтып жүреді.
Құрметті ер, құрметті әйел! Жұбайыңмен болған диалогта немесе жағдайда үстемдікке жету күш пен жеңістің көрсеткіші емес. Өмір – шабуыл мен қорғаныс емес, соғыс емес. Бұл бірге идея алмасу арқылы келісімге келу. Мұнда кімнің қателескені, кімдікі дұрыс болғаны маңызды емес. Ең бастысы, табысты диалог. Бұл «кім жағдайды түсінді және мәселені шеше алды?» деген сұраққа жауап береді. Келіспеушілікте әрқайсысы өзіне шыншылдықпен қарасын. Қателіктерді ақтап, кінәні біреуге артудың орнына мәселені шешу жолын бірге іздеңдер.
материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,
ummet.kz