Отбасының сырын сақтай білу – әйелдің аманаты

Отбасының сырын сақтай білу – әйелдің аманаты

Исламдағы отбасы
Жарнама

Өз үйінің сырын сақтамайтын әйел асығыстық жасап, өз отбасына, үйіне және туыстарына зиян келтіреді.

Отбасы ішіндегі ерекшеліктер мен жеке мәселелерді  сыртқа шығаруға болмайды. Бұл Алланың разылығына сай болатын іс емес.

Егер бір нәрсе көңіліңе қаяу түсірсе, сабыр сақтауға тырыс.

Егер сөйлесуге мұқтаж болсаң,  саған дұрыс бағыт беріп, отбасыңның берекесін ойлайтын сенімді адамды таңда.

Жолдасыңның сеніміне лайық бол.

Егер күйеуің құпия сақтамайтыныңды білсе,  өзінің жеке ойы мен мәселелерін сенен жасыруы мүмкін. Осылайша, өзіңнің ойланбай істеген әрекеттерің  шаңырағыңды шайқалтуы мүмкін. Көптеген отбасылар тек құпияны сақтамағаннан бұзылып жатады. Сондықтан  өз қолыңмен отбасыңның беріктігін жойма!

Өмірді бұзатын қиындықтардан сақтайтын және тағдырды сабырмен өткеруге көмектесетін өлшем:

Имам Жунайд (Алла разы болсын) былай деген: «Сынақ кейбір адамдар үшін дәреженің көтерілуіне себеп болса, кейбіреулер үшін күнәлардың кешірілуіне себеп. Ал енді біреулер үшін қателіктеріне жаза ретінде келеді».

Одан: «Адам бұл үш түрлі жағдайдың қайсысында екенін қалай біледі?» – деп сұрағанда: «Кімде-кім сынақты разылықпен және мойынсұнумен қабылдаса, онда бұл – дәреженің көтерілуі. Кімде-кім сынақты сабырмен қабылдаса, күнәларына кәффарат (өтем) болады. Ал кімде-кім сынаққа наразылық танытып, шағымданса, қателіктерінің жазасы болады», – деп жауап берген.

материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: