Қашан балаларға ғұсыл мен дәрет алу уәжіп болады?

Қашан балаларға ғұсыл мен дәрет алу уәжіп болады?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Шағбий (р.а.) мына хадисті Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге тастанды баланың қабіріне барып, жаназа оқыған кісіден естіпті:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жаназада имамдық қылды. Адамдар Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ұйыды (жас балалар да қатынасты). Сүлеймен (р.а.) менен: «Бұл хадисті кім айтып берген еді?»,- деп сұрады. Мен: «Ибн Аббас (р.а.)»,- дедім.

Әбу Саъид әл-Худрий (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Жұма күні ғұсыл алу - әрбір Балағат жасына жеткен адамға уәжіп (парыз)»,- деді.

Ибн Аббас (р.а.) риуаят етті: «: «Маймунаның (нағашымдікінде) үйінде түнеп қалдым. Пайғамбарымызда (с.ғ.с.) ұйықтауға жатты. Түннің бір бөлігі өткеннен соң Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) орнынан тұрып, қабырғада ілулі тұрған торсықты алып, содан соң жеңілжелпі дәрет алып, намаз оқи бастады. Мен де ол кісі сияқты дәрет алып, сол жағына барып тұрып едім, мені оң жағына өткізіп қойды. Содан соң, Алла тағала қалағанша намаз оқыды, кейін жанбастап жатты, тіпті, қорылдағаны да естілді. Біраздан кейін ол кісіні азаншы келіп шақырды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қайтадан дәрет алмай, азаншымен бірге намазға шығып кетті. Суфян (р.а.) айтты: «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көздері ұйықтағанымен, жүрегі ояу болады»,- деді. Ғамр (р.а.): «Пайғамбарлардың көрген түстері – Алла Тағаланың оларға жіберген уәхиі»,- деп: «Мен түсімде, сені Алла жолында құрбан қылып жатқан екенмін»,- деген аятты оқыды.

Әнас ибн Мәлік айтты: «Үлкен әжем Мулайка тамақ даярлап, Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) шақырды. Пайғамбарымыз ( с.ғ.с.) өзіне арналып әзірленген тамақтан жеді. Содан соң: «Тұрыңыздар, бірге намаз оқимыз, мен имамдық қыламын»,- деді. Мен тұрып, көп қолданыстан ескіріп, қарайып тозып кеткен бойраға су шашып тазаладым. Содан кейін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бойраның үстіне шықты. Мен және бір жетім бала артына тұрдық. Әжем болса, біздің артымызға тұрды. Пайғамбарымыз ( с.ғ.с.) екі рәкат намаз оқыды.

Ибн Аббас (р.а.) риуаят етті: «Бір күні ұрғашы есекке мініп, Минаға келдім. Балағат жасына жетіп қалған кезім болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Минада сутра белгісіз адамдармен намаз оқып жатқан екен. Кейбір бір саптарды аралап өттім де, есектен түсіп, оны жайылуға қоя бердім, кейін сапқа келіп тұрдым. Бұлай қылғаным үшін маған ешкім ескерту бермеді»,- деді.

материал «Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: