«Нұр Астана»: Мешітке толықтай тазалық жұмыстары жүргізілді

«Нұр Астана»: Мешітке толықтай тазалық жұмыстары жүргізілді

Мешіт тынысы
Жарнама

Ислам діні – тазалыққа негізделген дін. Өйткені, мұсылманның құлшылығы өзін таза ұстаудан басталады. Адамзаттың арманы болған Жәннаттың кілті намаз болса, намаздың кілті – тазалық.

Ал Алланың үйін тазалау, тіпті шаңын болса да сүрту – мол сауапқа кенелу. «Нұр Астана» мешітінде тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Бүгінгі сенбілікте де қалыптасқан дәстүр бойынша мешіттің ішіне толықтай тазалық жұмыстары жасалды. Есік-терезелер арнайы химиялық жуу құралдарымен тазаланып, ғимаратта қауіпсіздік толық сақталған.

Тазалықтың артықшылығы туралы Алла Тағала Құран кәрімде: «Шүбәсіз, Алла (пендешілікпен істелген күнәнің артынша) қатты өкініп тәубе ететін тәубешіл құлдарын және үнемі тазаланушыларды жақсы көреді» («Бақара» сүресі, 222) деді. Мешіттің әшекейі – жамағат десек, жамағаттың Алламен байланысатын, Оған құлшылық ететін орны әрдайым мұнтаздай таза болуы тиіс. Бұл – бізге Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) жеткен үлгілі іс.

TazalyqJumystary 1

TazalyqJumystary 2

TazalyqJumystary 3

TazalyqJumystary 4

TazalyqJumystary 6

TazalyqJumystary 7

ummet.kz

Бөлісу: