Қасиетті Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау ең қайырлы істердің бірі болып саналады. Қол ұшын сұраған әрбір адамға көмек көрсету, жақсылық істеу – Рамазан айында сауабы еселенетін көркем істердің қатарынан.
«Әл-Фараби» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылды (фото)
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылып, Құран Хатым басталды.
«Әл-Фараби»: Шәкірттер арасында зияткерлік сайыс өтті (фото)
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ерлер жамағатының шәкірттері арасында фиқһ ілімі бойынша зияткерлік сайыс өткізілді.
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Құран - мәңгі мұғжиза» тақырыбында рухани кеш өтті
Рухани кешке арнайы қонақ ретінде ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі, Республикалық бас мешіттің наиб имамы Серік қари Ахмет келіп, қатысты.
«Әл-Фараби»: «Рамазан – қайырымдылық айы» насихат кеші өтті (фото)
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылып, көпшілікке арналған насихат кеші өтті.
«Әл-Фараби»: «Құран – мәңгі мұғжиза» рухани кеші өтті (фото)
Рамазан айы қарсаңында «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Құран - мәңгі мұғжиза» тақырыбында рухани кеш өтті.
«Әл-Фараби»: Құранға түскен 135 шәкірт марапатталды (фото)
Қасиетті кітапты оқу – ең ұлы ғибадаттардың бірі және Аллаға жақындататын төте жол. Әбу Умама риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Құран оқыңдар! Ол қиямет күні иесіне шапағат етеді», – деп басқа пайғамбарларға берілмеген шапағатты Құран иеленетінін білдірген.
«Әл-Фараби»: «Ережеп – рухани дайындық айы» тақырыбында насихат айтты (фото)
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылып, көпшілікке арналған насихат кеші өтті.
Бұл жолы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен өткізілген шарада мешіт ұстазы Нуриддин Абдусамадұлы жиылған жамағатқа «Ережеп – рухани дайындық айы» тақырыбында көркем насихат айтты.
Мұсылман күнтізбесіндегі он екі айдың төртеуі қасиетті айлар болса, соның бірі – ережеп айы. Бұл жөнінде Алла Тағала «Тәубе» сүресінің 36-аятында былай дейді: «Тегінде аспан мен жер жаратылған күннен бастап, Алла айдың санын он екі етіп белгілеген. Оның төртеуі (зулқағда, зүлхиджа, мухаррам, ережеп) соғысуға тыйым салынған айлар. Дінде бұл дұрыс. Бұл айларда сендер өздеріңе зиян жасамаңдар». Ережеп сөзі «бір нәрседен қорқу, ұялу, біреуді ұлылығына орай қастерлеу, тағзым көрсету» деген мағыналарды білдіреді.
Мешіт ұстазы Нуриддин Абдусамадұлы «Ережеп айы харам айы болғандын бұл айда Алла Тағаланың тыйым салған харам нәрселерден барынша алыс болуымыз қажет. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Ережеп айы келген уақытта: «Раббым, ережеп пен шағбан айларын берекелі ете гөр. Бізді рамазанға аман-есен қауыштыра гөр!», - деп дұға тілейтін. Келесі хадистерде Ережеп айы турасында Алла Елшісі (с.ғ.с): «Ережеп – Алланың күнәларды кешіретін айы. Алла Тағала үшін сүйікті ай. Бұл айда ұрыс-жанжал, қантөгіс тоқтатылған. Бұл айда пайғамбарлардың тәубелері қабыл болып, әулиелер дұшпандарынан қорғалған. хадисте: «Кімде-кім ережеп айында біреудің мұқтаждығын өтесе, қиямет күні Алла Тағала оған «Фирдаус» жәннатынан көз жетер жеріне дейінгі арақашықтықта сарай тұрғызады. Қаперде ұстаңыздар, бұл айда Алла Тағаланың сый-құрметіне лайық болуды қаласаңыз, өзгеге сый-құрмет жасаңыздар», - деген мағынада айдың қадірін білдіретін хабарлар жеткен» деп мешіт жамағатын қасиетті айда көбірек құлшылық жасауға шақырды.






ummet.kz
«Әл-Фараби»: Жамағатқа «Ас беру мәдениеті» құжаты таныстырылды (фото)
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылып, көпшілікке арналған насихат кеші өтті.
«Әл-Фараби»: Мешіт жанындағы ғимараттың жылу жүйесіне жөндеу жүргізілді (фото)
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті аумағындағы мешітке тиесілі екі қабатты ғимараттың жылуына жөндеу жүргізілді.
«Әл-Фараби»: Мешіт кіреберісі кеңейтілді (фото)
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің екі кіреберісі кеңейтіліп, жамағаттың құлшылық жасауына жағдай жасалды.