Рамазан айы қарсаңында 20 отбасыға қуаныш сыйлады (фото)

Рамазан айы қарсаңында 20 отбасыға қуаныш сыйлады (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті.

Әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік себеттерін тарту ету әдеттегідей «Сауап» белсенділер тобының атсалысуымен жүзеге асты. Ай сайын, апта сайын қала тұрғындарына қуаныш сыйлап келе жатқан «Сауап» белсенділер тобы қасиетті Рамазан айында да сауапты іске себепкер болды.

Рамазан – тек күні бойы тамақтан тыйылу айы емес, көмекке мұқтаж мұсылмандарға қол ұшын созу айы. Жомарт жандардың жылулығын сезінген отбасылар қасиетті айда назардан тыс қалдырмай, әлеуметтік жағдайларын ескеріп, көмек көрсеткендері үшін мешіт әкімшілігі мен демеуші азаматтарға алғыстарын білдірді.

010422 Qaiyrymdylyq 1

010422 Qaiyrymdylyq 2

010422 Qaiyrymdylyq 3

010422 Qaiyrymdylyq 4

010422 Qaiyrymdylyq 5

010422 Qaiyrymdylyq 6

010422 Qaiyrymdylyq 7

010422 Qaiyrymdylyq 8

010422 Qaiyrymdylyq 9

ummet.kz

Бөлісу: