«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті: 300 адамға ауызашар берді (фото)

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті: 300 адамға ауызашар берді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы ізгі әрі сауапты амалмен бастады.

Мешіт ұжымының бастамасымен, демеуші, жомарт жандардың атсалысуымен Алланың разалығы үшін ораза ұстаған азаматтарға биылғы алғашқы ауызашар дастарханы жайылды. Яғни, бүгін 300 елордалық жамағатқа ауызашар берілді. Атап айтқанда, мешіт жанындағы «Мұмтаз» дәмханасында 150 кісіге ауызашар дастарханын жайып, 150 кісіге рамазан бокс, дайын ауызашар қорапшаларын үлестірілді.

Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған адамдарға ауыз аштырту – аса үлкен сауап, сонымен қатар ауызаштыртуды ата-бабаларымыз да аса құрметпен атқарып келген ізгі дәстүрі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді» деп сүйіншілеген болатын.

Хадис өнегесін басшылыққа алған «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің Бас имамы Нұрлан Рамазанов ауызашар дастарханына қатысып, жиналған жамағатқа ораза айының қадір-қасиеті мен ауызашар жасаудың пайдасы жайында тұщымды уағыз-насихат айтты.

Айта кетейік, қасиетті Рамазан айында сіздер де «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті арқылы демеушілік жасап қайырымдылық ауызашар берулеріңізге болады. Рамазан айында ізгі амалдар арқылы сауапты іс жасауға бірге атсалысайық!

010422 Auizashar 1

010422 Auizashar 2

010422 Auizashar 3

010422 Auizashar 4

010422 Auizashar 5

010422 Auizashar 6

010422 Auizashar 7

010422 Auizashar 8

010422 Auizashar 9

010422 Auizashar 10

010422 Auizashar 11

010422 Auizashar 12

010422 Auizashar 13

010422 Auizashar 14

010422 Auizashar 15

010422 Auizashar 16

010422 Auizashar 17

010422 Auizashar 18

010422 Auizashar 19

010422 Auizashar 20

010422 Auizashar 21

 

010422 Auizashar 23

\010422 Auizashar 24

010422 Auizashar 26

010422 Auizashar 27

010422 Auizashar 28

010422 Auizashar 29

ummet.kz

Бөлісу: