«Әл-Фараби»: «Мейірімділік мекені» дәстүрлі қайырымдылық шарасы өтті (фото)

«Әл-Фараби»: «Мейірімділік мекені» дәстүрлі қайырымдылық шарасы өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Мейірімділік мекені» дәстүрлі қайырымдылық шарасы өтті.

Ай сайын желісі үзілмей жалғасып келе жатқан бұл шара аясында мұқтаж отбасыларға бір айлық азық-түлік қоры үлестірілді. Елордамыздағы көп балалы және асыраушысынан айырылған, тұрмысы төмен мұқтаж жандарды қамтыған қайырымдылық шарасының шарапаты бұл жолы 20 жанұяға арналды.

Шара барысында «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің наиб имамы Мамлюк Мусаев бастаған мешіт қызметкерлері келген отбасыларға рухани қолдау танытты. Мешіт ұжымының ұйытқы болуымен тұрақты түрде ұйымдастырылып жүрген ізгі шараның өтуіне «Сауап» белсенділер тобы әдеттегідей атсалысты. Әрдайым жақсылық жасауда үлгі болып жүретін мешіт ұжымына келген отбасылар алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

030323 Qaiyrymdylyq 2

030323 Qaiyrymdylyq 3

030323 Qaiyrymdylyq 4

030323 Qaiyrymdylyq 5

030323 Qaiyrymdylyq 6

ummet.kz 

Бөлісу: