«Әл-Фараби»: Қариларға лайықты құрмет көрсетілді (фото)

«Әл-Фараби»: Қариларға лайықты құрмет көрсетілді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Хатым оқыған қариларға жамағаттың атынан сый көрсетіліп, иықтарына оқалы тон жапты.

Ай бойы Тарауық намазында оқылған Құран Хатым қасиетті кеште аяқталып, жамағатпен бірге Хатым дұғасы жасалды. Хатым оқыған төрт бірдей білікті қариға мешіт ұжымы мен жамағат қазақы дәстүр бойынша құрмет көрсетті.

Атап айтқанда, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы, білікті қари Нұриддин Абдусамадұлы, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстазы, қари Мұрат Дайрабайұлы, Хусамуддин ас-Сығанақи Ислам институтының шариғат және араб тілі пәндерінің ұстазы, дінтану докторы Mahmoud Mohamed Hasan, Хусамуддин ас-Сығанақи Ислам институтында ұстазы, Муратов Теміржан қатарлы танымал қариларға мешіт ұжымы арнайы алғыс айтып, жамағаттың атынан иықтарына шапан жапты.

QarilargaQurmet 1

QarilargaQurmet 2

QarilargaQurmet 3

QarilargaQurmet 4

QarilargaQurmet 5

QarilargaQurmet 6

QarilargaQurmet 7

ummet.kz

Бөлісу: