«Әл-Фараби»: Жазғы сауат ашу курсын 170 шәкірт аяқтады (фото)

«Әл-Фараби»: Жазғы сауат ашу курсын 170 шәкірт аяқтады (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде 3-25 маусым аралығында өткен мектеп оқушыларына арналған жазғы сауат ашу курсы өз мәресіне жетті.

Жиырма екі күн ішінде 170 кішкентай шәкірттеріміз мешітімізде Құран әліппесі, имандылық сабақтарымен қатар тәлім-тәрбие дәрістерін алды. Сауат ашу курсындағы бүлдіршіндерге сабақ беруге мешіт ұстаздарымен қатар «Астана» медресесінен арнайы шәкірттер шақырылған болатын.

Бүгін сауат ашу курсының аяқталуына байланысты мешіттің имамдары мен ұстаздары шәкірттермен және олардың ата-аналарымен бас қосты. Берекелі жиында мешіттің ұстазы Нуриддин Абдусамадұлы құттықтау сөз сөйлеп, оқушылардың жиырма күндік жетістіктері жайлы ата-аналарына баяндап берді. Аз уақыттың ішінде курс шәкірттері Алла Тағаланы тану, ата-анаға құрмет көрсету, Исламдағы әдептер, дұрыс тамақтану, киім кию, ас ішу, ұйықтау әдептері секілді пайдалы әрі маңызды дәрістерден үлгі-насихат ала білді.

Келген ата-аналарына ұл шәкірттер көркем түрде Құран оқып берсе, қыз шәкірттер Алла Тағаланың көркем есімдерін жатқа айтып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат жолдады. Ата-аналар балаларының осы қысқа мерзімде алған білімдеріне тәнті болып, мешіт имам-ұстаздарына алғыстарын жаудырды.  Салтанатты рәсімге арнайы келген ата-аналар балаларға дәріс берген медресе шәкірттеріне ризашылықтарын білдірді. Жиын соңында мешіт ұстаздары шәкірттерге жазғы сауат ашу курсын толық аяқтағанын растайтын арнайы сертификат және мешіт ұжымы атынан сый-сияпат табыстады.

240623 ImaniZhaz 1

240623 ImaniZhaz 2

240623 ImaniZhaz 3

240623 ImaniZhaz 4

240623 ImaniZhaz 5

240623 ImaniZhaz 6

240623 ImaniZhaz 7

240623 ImaniZhaz 8

240623 ImaniZhaz 9

240623 ImaniZhaz 10

240623 ImaniZhaz 11

240623 ImaniZhaz 12

240623 ImaniZhaz 13

240623 ImaniZhaz 14

240623 ImaniZhaz 15

240623 ImaniZhaz 16

240623 ImaniZhaz 17

240623 ImaniZhaz 18

ummet.kz

Бөлісу: