«Әл-Фараби»: Мешіт ұжымы балаларға тәттілермен айттық үлестірді (фото)

«Әл-Фараби»: Мешіт ұжымы балаларға тәттілермен айттық үлестірді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бала – біздің көз қуанышымыз, жанымызға жылу сыйлайтын, ізімізді жалғастырушы ұрпағымыз.

Кішкентай бүлдіршіндерге қамқорлық танытып, оларға қуаныш сыйлау – Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) қалған ізгі өсиет. Алла Елшісінің (с.ғ.с) өсиетіне амал еткен мешіт ұжымы Құрбан айт намазына ата-аналарына, аталарына ілесіп келген кішкентай бүлдіршін балаларға тәттілер таратып, айттық ұсынды.

Халқымызда «Бар жақсымыз, балаларға!», «Берсең, балаға бер!» деген сияқты даналық сөздер бар. Балаларымызға айт мейрамының рақымшылыққа, жақсылыққа, қуанышқа толы мерекелі де, берекелі мейрам екенін сезіндіру – барлық мұсылманға міндет. Таң ертемен тәттілер алып, мәз болған балақайлардың жүздері бал-бұл жанып, кезекпен рақмет айтып, ризашылықтарын білдірді.

280623 Aittyq 1

280623 Aittyq 2

280623 Aittyq 3

280623 Aittyq 4

280623 Aittyq 5

ummet.kz

Бөлісу: