«Әл-Фараби»: Мешіт шәкірттері ерекше балаларға қуаныш сыйлады (фото)

«Әл-Фараби»: Мешіт шәкірттері ерекше балаларға қуаныш сыйлады (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қуантсаң, баланы қуант – ақылына сәуле түссін. Сәулелі ақыл – алысқа жетелейді, биіктерді бағындырады.  

Ерекше балаларды қуантуға асыққан «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің бір топ шәкірттері Астана қаласы «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып қайтты. Мешіт шәкірттері «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тәрбиеленіп жатқан  балалардың жай-күйімен танысты.

Орталықтағы тәрбиеленіп жатқан балаларға қозғалмалы ем, әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік-тұрмыстық бағыт-бағдар беру, әлеуметтік еңбекке үйрету секілді қызметтер көрсетіледі.

Мешіт шәкірттері мейірімділікпен қатар әртүрлі санаттағы ерекше балаларға азық-түлік себептері мен жеміс-жидектер, түрлі тәттілер табыстады.

Кішкентай бүлдіршіндерге қамқорлық танытып, оларға қуаныш сыйлау – Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) қалған ізгі өсиет. Алла Елшісінің (с.ғ.с) өсиетіне амал еткен мешіт шәкірттеріне орталық ұжымы зор алғыстарын білдірді.

2f1a1c72 a2f5 4d37 86c1 6cd2fbfa2637

880554a5 bf53 4419 ac63 1aea82de635c

b286eb34 54f5 47b9 9447 4f342c1efdd8

80a45b83 1620 44c9 a727 32763c588538

d7e9f2f9 ef42 4823 9906 4de4da4b8b71

ummet.kz

Бөлісу: