«Әл-Фараби»: Қадір түні Құранның хатым батасы жасалды (фото)

«Әл-Фараби»: Қадір түні Құранның хатым батасы жасалды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Қадір түнінде көпшілікпен бірге Хатым дұғасы жасалды. Рамазан – Құран айы. Яғни, Құран Кәрім көптеп оқылып, құндылықтары жаңғыратын рухани мезгіл.

Осыған орай, ел мешіттерінде қасиетті айда Тарауық намазында Құран Хатым жасау үрдісі қалыптасқан. «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде  ай бойы төрт бірдей білікті қари Құран Хатым оқыды.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұстаздары, білікті қариларымыз – Нұриддин Абдусамадұлы мен Мұрат Дайрабайұлы және Хусамуддин ас-Сығанақи Ислам институтының шариғат және араб тілі пәндерінің ұстазы, дінтану докторы Mahmoud Mohamed Hasan, қари Алижан Батыржанұлы оқыған Құран хатым аяқталды.

Қасиетті Қадір түні көпшілікпен барша мұсылмандарға бағышталып, еліміздің ауызбіршілік-ынтымағы, халқымызға барша мұсылман қауымына барлық жақсылықтар тілеп, дұға жасалды. «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазанов хатым батасын жасап, жамағатқа Бас мүфтидің құттықтау сәлемін жеткізіп, Қадір түнінің қасиеті жөнінде насихат айтты.

Қариларға лайықты құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жауып, мешіт ақсақалы ақ батасын бергеннен кейін Нұрлан Бекболатұлы көпшілікке Қадір түнін құлшылық-ғибадатпен қалай өткізу керектігін, ислам дінінің құңдылықтарын жан-жақты түсіндірді.

Мешіт жамағаты «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ай бойы оқылған Құран хатым мен тарауық намазына ризашылықтарын білдіріп, имамдарға алғыстарын білдірді.

 

8d55a302-68bb-4ab2-b67b-25a7abbe5392.jpg

992c9825-db07-444b-a03f-ed11d4d368a1.jpg

7a8d065d-e36a-4fd0-a7e5-a4c071fc466f.jpg

7a725ef4-8e17-4c8e-8d0b-300b867aabd0.jpg

9f6c6d4e-1e87-4962-8fc3-2f06a8b955b5.jpg

6d26ede9-ac43-46f4-a57b-89b53c2767e7.jpg

3a9dedf6-271b-4795-8dea-4512509cc14d.jpg

80a0c592-285c-49a2-87af-c51b2c124fd9.jpg

152ae940-cc5f-42a2-bc0c-ed13050f481a.jpg

fd70a32b-f0fc-432e-a65e-a9f67aab99a0.jpg

0c183f10-9cd8-44fa-952d-5944e944f797.jpg

a1e1d0ec-1741-44a0-ac6b-5beb3200c7a8.jpg

6c100a38-ed88-4329-921b-581fa55b20f6.jpg

60364172-5cc7-4abe-9d5a-4b04e69401fb.jpg

f806b93f-8da0-460c-8153-6b1c38648740.jpg

2cf1796a-be0d-4d5b-aa68-b71deef8bf21.jpg

a1e1d0ec-1741-44a0-ac6b-5beb3200c7a8.jpg

ummet.kz

Бөлісу: