«Әл-Фараби»: Құран хатым еткен қариларға құрмет көрсетілді (фото)

«Әл-Фараби»: Құран хатым еткен қариларға құрмет көрсетілді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті Қадір кешінде құптан намазы таяған уақытта «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне ағылған халық қарасы көп болды.

Мыңдаған жамағат қол жайып, Алла Тағалаға дұға еткен сауапты сәттен соң Рамазан бойы тарауық намаздарында имамдыққа шығып, жамағатты әуезді үнімен Құран сөзіне сусындатқан қариларымызға құрмет көрсетілді.

Қадір түніне жиылған мұсылман қауымы жамағатпен құптан және тарауық намаздарын оқып, қасиетті Рамазан айы бойы «Әбу Насыр әл-Фараби»  мешітінің ұстаздары, білікті қариларымыз – Нұриддин Абдусамадұлы мен Мұрат Дайрабайұлы және Хусамуддин ас-Сығанақи Ислам институтының шариғат және араб тілі пәндерінің ұстазы, дінтану докторы Mahmoud Mohamed Hasan, қари Алижан Батыржанұлы оқыған Құран хатым аяқталды.

Қасиетті Қадір түні көпшілікпен барша мұсылмандарға бағышталып, еліміздің ауызбіршілік-ынтымағы, халқымызға барша мұсылман қауымына барлық жақсылықтар тілеп, дұға жасалды. 

Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қариларымызға қазақы дәстүрге сай шапан жабылып, ақсақалдың ақ батасы берілді.

3548f0df-ef7e-47f0-8e3c-74a76272a78f.jpg

b521f135-9917-4299-8d23-b7ae858649db.jpg

b42b58b3-03b2-4227-b50c-e9b75d1a5bd7.jpg

c8edd360-a131-425c-9726-3a7e4e3be9b0.jpg

4705c40f-9de0-4e05-8e05-4033b760ec90.jpg

5e773380-089f-4cb1-b411-3d2ca3333f03.jpg

bfb9e53a-e4bc-446a-a848-97008f867040.jpg

12048ac1-c1db-45a4-9468-da46d68f426b.jpg

f0ea36b1-8167-475a-86b2-1eb55c64c12a.jpg

46436d23-a8ef-4476-bea1-086dc9edc42d.jpg

78c79f53-8616-4731-b616-abf4c1780782.jpg

ummet.kz

Бөлісу: