Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «кешірім тілеңдер» деген Қадір түнін мұсылман жұртшылық барынша құлшылықпен, сауапты амалмен өткізуді қалайды. Еліміздегі барлық мешіттер көппен бірге болып, руханиятын байытқысы келетін жамағатқа лық толы болады.
Осы орайда «Әл-Фараби» мешітінде қасиетті түнде Хатым дұғасы жасалып, имамдардың көркем уағыз-насихатынан кейін жамағатқа исламға қатысты викториналық сұрақтар қойылып, тың ақпараттар берілді.
Жамағат ішінен сауалдарға нақты жауап берген кісілерге «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітабы, діни заттар сыйлыққа беріліп, көпшілік көңілі бір серпіліп қалды.
ummet.kz
Бөлісу: