«Әл-Фараби»: «Мектепке жол-2025» акциясы 150 балаға қуаныш сыйлады (фото)

«Әл-Фараби»: «Мектепке жол-2025» акциясы 150 балаға қуаныш сыйлады (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Мектепке жол - 2025» қайырымдылық шарасы өтті.

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін, көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету. Шара барысында 150 оқушыға қажетті құрал-жабдықтар толтырылған мектеп сөмкелері үлестірілді.

Мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазановтың бастамасымен болған қайырымдылық шарасы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді. Әрдайым мешіт атынан ұйымдастырылатын қайырымдылық шараларға мұрындық болып жүретін «Сауап» белсенділер тобының жетекшісі Абзалбек Сұлтанбек бұл жолы да игі шараға атсалысты. Сонымен қатар бірқатар атымтай жомарт азаматтар да қайырымдылық акциясына өз үлестерін қосты.

Ұлт болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін ескерсек, теңізге тамызған тамшыдай болған бұл әрекет егеменді еліміздің ертеңі үшін жасалған игі істердің бірі. Жаңа оқу жылына дайындық уақытында қаламыздағы аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсеткені үшін, елордалық балғындарға шат-шадыман көңіл-күй сыйлағаны үшін келген ата-аналар мешіт ұжымына зор ризашылықтарын білдірді.

e4109d66-e854-44b4-86f8-a88e7f9721b7.jpeg

f56085c6-051b-4fcb-a459-2c65c3775eb9.jpeg

46883e34-90fa-4ed5-905e-54d3ca45e087.jpeg

13f93ad6-d1f8-40af-915d-dcca130b9de0.jpeg

6043d000-e936-4a7a-9d93-0e425af98142.jpeg

55ddeec8-fca4-42d6-a67d-f7c7cfcd0f29.jpeg

96e9ea64-9521-4a05-b638-dae53156c716.jpeg

1d2fad0b-37c4-497d-8c05-66c0d80b5853.jpeg

548f926f-5c74-4c3d-acf7-e962ede53ff0.jpeg

b6bfc828-c402-41bd-8c3c-a1d6fb891153.jpeg

63c66f0f-08b7-4a27-93de-b6529d5bfe3f.jpeg

ummet.kz 

Бөлісу: