«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылып, көпшілікке арналған насихат кеші өтті.
Бұл жолы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өткізілген шараға арнайы келген «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қасым Махмуд мырза жиылған жамағатқа «Нашақорлық құрдымға кетіреді» тақырыбында насихат айтты.
Насихат барысында қазіргі күні рухани дерт ретінде кең тараған нашақорлыққа жол бермеу үшін әрбір адам білуі тиіс оның зияндарын атап өтті. Нашақорлық дертінің зияндарынан тыйылу, нәпсіні жаман қалаудан тыю, балаға жастайынан дұрыс тәрбие беру, жаман ортадан алшақтау ұстаудың маңыздылығы мен Құран аяттары мен Пайғамбар (с.ғ.с) хадистерінде кездесетін тұстарын тілге тиек етті.
Насихат соңында Қасым Махмуд мырза жамағатқа ел болып, бесігімізді түзетеміз десек, жастарымызға бұл дерттің зиянын барынша ұғындыруымыз қажет екенін айтты. Алла Тағала біздерді нәпсінің жетегіне еруден, түрлі күнәлі істерден сақтап, аулақ жүруді нәсіп етуін сұрап дұға тіледі.







ummet.kz