Мәуліт айының құрметіне орай «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті.
Әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік себеттерін тарту ету әдеттегідей «Сауап» белсенділер тобының атсалысуымен жүзеге асты. Ай сайын, апта сайын қала тұрғындарына қуаныш сыйлап келе жатқан «Сауап» белсенділер тобы қасиетті Мәуліт айында да сауапты іске себепкер болды.
Жомарт жандардың жылулығын сезінген отбасылар қасиетті айдың қарсаңында назардан тыс қалдырмай, әлеуметтік жағдайларын ескеріп, көмек көрсеткендері үшін мешіт әкімшілігі мен демеуші азаматтарға алғыстарын білдірді.
Алла Тағала: «Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған.
Алла елшісі де (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Игі һәм сауапты іс жасауға асығыңдар» (Муслим, иман 186) деп үмбетін ізгілікке шақырды.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өсиетіне амал еткен мешіт ұжымына қайырымдылықтың жылулығын сезінген отбасылар әлеуметтік жағдайларын ескеріп, көмек көрсеткендері үшін зор алғыстарын білдірді.






ummet.kz