«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылып, көпшілікке арналған насихат кеші өтті.
Бұл жолы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен өткізілген шараға арнайы келген РАНТ мүшесі, «Орал» медресесінің директоры Талғат Мұратұлы жиылған жамағатқа «Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтудың маңыздылығы» тақырыбында көркем насихат айтты.
Насихат барысында салауат сөздерін жиі айту арқылы адам баласы көп сауапқа кенеліп, Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең жақын адамдардан болатынын, ол турасында ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен, қасиетті Құрандағы қиссалардан мысалдар келтірді.
Талғат Мұратұлы дұға етуші адам дұғаның соңында да Алла Тағалаға мақтау, Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтқаны жөн екенін айта кетті. Қасиетті Мәуліт айында мешіт жамағатын барынша Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көбірек салауат жолдауға шақырды.





ummet.kz