«Әл-Фараби»: «Рухани жаңғыру – иманнан басталады» тақырыбында семинар өтті (фото)

«Әл-Фараби»: «Рухани жаңғыру – иманнан басталады» тақырыбында семинар өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылып, көпшілікке арналған насихат кеші өтті.

Бұл жолы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен өткізілген шараға арнайы келген ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Күзекбай Бағыжан Ерболатұлы жиылған жамағатқа «Рухани жаңғыру иманнан басталады» тақырыбында көркем насихат айтты.

Насихат барысында Бағыжан Ерболатұлы ел руханиятындағы діннің рөлі күн санап артып келетінін, дәстүрлі діни көзқарастың халық арасында кеңінен таралып, мұсылманшылық ұстанымдарға бет бұрыс жақсарып, имани жаңғыру үрдісі бар екенін, ата-бабамыздың ұстанған имани құндылықтары бүгінгі таңдағы ғаламдық жаһандану үрдісіне жұтылып кетпеудің ұлттық бірегейлікті сақтаудың бір көрінісі екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахмет «Исламдағы жастардың орны» тақырыбындағы маңызды уағызымен ортаға салды.

Ізгі шараның соңында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Жолдас Рахымжан Талғатұлы жиылған жамағатқа дін мен дәстүр жайлы викториналық сұрақтар қойып, дұрыс жауап берген кісілерге арнайы сыйлықтар тарту етілді.

8cea655a-a90e-4c40-b35a-7f5a5ffabc28.jpeg

d7dca2f2-7e03-460d-82b0-70a447721107.jpeg

1838c15d-1a18-4ccc-93bb-e39dc41fa54c.jpeg

b4e99470-3102-407f-8ace-3dd984102dcb.jpeg

beaa6070-a97e-4677-abaa-b71a205068c3.jpeg

f4f9791e-fa85-415d-8192-1b2bdfe93c02.jpeg

c4efa4e0-0b4f-4a5d-b6e5-d551c7b62941.jpeg

ummet.kz

Бөлісу: