«Әл-Фараби»: ҚМДБ бөлім басшысы жұма насихатын айтты (фото)

«Әл-Фараби»: ҚМДБ бөлім басшысы жұма насихатын айтты (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті жұма күні еліміздің барлық мешіттерінде «Исламда жастар тәрбиесі» тақырыбында жамағатқа жұма уағызы айтылды.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне арнайы келген ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің меңгерушісі Мансұров Батыржан Берденұлы аталған тақырыпта көркем насихат айтып, дініміз ислам жастықтың қадірін ерекше бағалайтынына, жастық уақыт – адам өмірінің ең мәртебелі де мағыналы бөлігі екеніне кеңінен тоқталды.

«Жастық шақ – өмірдің көктемі. Көктемде егілген дән ғана  күзде өнімін береді. Сол себепті ислам тәрбиесі де жас буынды рухани кемелдікке бастайтын уақыт ретінде қарастырады.  

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес нәрсе келместен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: қарттық келместен бұрын жастық шақтың, ауру келместен бұрын денсаулықтың, кедейлік келместен бұрын байлықтың, шұғылданбастан бұрын бос уақыттың және ажал келместен бұрын өмірдің қадірін біл», – деген (имам Бұхари).

Расында да жастық уақыт – адам өмірінің ең мәртебелі де мағыналы бөлігі. Неліктен? Өйткені бұл шақта адам бойында ерекше қуат, зеректік, сабыр және төзім сынды ең қажетті сипаттар тоғысады. Сондықтан да шариғат жастарға айрықша көңіл бөліп, оларды өмірлік жауапкершілік пен адамзат алдындағы міндетін атқаруға лайық етіп тәрбиелеуді бұйырған», - деді Батыржан Берденұлы.

Сондай-ақ, ислам жастық шақтың әр сәтін қадірлеп, оны ізгі амал мен пайдалы іспен көркемдеуге үндейді. Өйткені адам баласының ең ұлы жетістігі – дүние игілігі емес, Алланың разылығын алып, халқының қызметінде болу екенін атап өтті. Және шариғат жастарға айрықша көңіл бөліп, оларды өмірлік жауапкершілік пен адамзат алдындағы міндетін атқаруға лайық етіп тәрбиелеу үшін мына қағидаларды, атап айтқанда: имандылық, ілім алу, қоғамға пайдалы болу, биік мақсат қою секілді шарттарды орындау қажет екенін айтты.

Уағыз соңында жамағатпен бірге еліміздің тыныштығы, халқымыздың амандығы үшін арнайы дұға жасады.

0a8fd5bc-d140-45df-9e8e-c5c0de0f9aa0.jpeg

433ea13d-86b5-4638-965e-0d6670d8ccfc.jpeg

2d38e438-b25e-437b-a005-d092ac42b2bd.jpeg

5f28b6c5-8414-424f-b7f9-1600c4dcf5f1.jpeg

9d9ea99a-da8d-457a-a187-3d775066cd40.jpeg

af14f9c5-3f3a-4c46-b3f8-73106dbc7b81_1.jpeg

5f28b6c5-8414-424f-b7f9-1600c4dcf5f1.jpeg

d7aef75b-ee6d-4c73-ba32-60c571489d1b.jpeg

ummet.kz

 

Бөлісу: