«Әл-Фараби»: Мешіт жанындағы дүкендердегі діни кітаптарға сараптама жүргізілді (фото)

«Әл-Фараби»: Мешіт жанындағы дүкендердегі діни кітаптарға сараптама жүргізілді (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Мешіт жанында атқарылып жатқан жат ағымның алдын алу жұмысының бірі – ҚМДБ тапсырмасы аясында діни әдебиеттерді қадағалап отыру.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде бас имам Нұрлан Рамазановтың қадағалауымен бұл үрдіс жыл бойы жалғасып келеді.

Кезекті шара аясында мешіт ұстазы Нуриддин Абдусаматұлы құлшылық ордасының аумағында орналасқан «Пайдалы кітаптар», «Әмина» діни дүкендер желісіндегі кітаптарды сараптап, тексеріп шықты. ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің тапсырмасы барысында аталған дүкендерде «Muftiyat» баспасынан шыққан, рұқсат етілген бірқатар кітаптардың бар екендігі анықталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мешіт маңындағы дүкендерде көпшілік оқырман қауымға арналған Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебіне сай діни еңбектердің ғана сатылуын қадағалау. Сол арқылы дәстүрімізді қаралайтын, діни сенімімізді бұра тартатын, халқымыздың бірлігіне нұқсан келтіретін деструктивті ағымдарды насихаттайтын діни кітаптардың таралуына жол бермеу.

f5234417-2abc-4bb9-b9a3-5ace3d286627.jpeg

98273ebf-18d1-4726-81af-f69e3f8a09c5.jpeg

ea74b8f5-419b-45bb-8ddf-e3a6a8dad04f.jpeg

d2b5e5e0-1ff4-4d2d-9bf8-03809a17ae51.jpeg

e924a222-7f13-4298-84f9-c69a29dd4620.jpeg

64fb97a5-9a9f-4bee-a635-0d324239f943.jpeg

98c3e735-9b6a-4b9c-90b6-de332f11d940.jpeg

13f4d955-962a-4a57-a8ac-e6ff941fde6e.jpeg

dacd8c70-06cf-4e55-b34e-5a51e1718dce.jpeg

d6ab7d91-f2fc-4593-987a-0e0dd31b80d0.jpeg

40c64743-55b0-423a-a5ae-ee865d1576e0.jpeg

9f4b36b9-6f8b-403d-8411-d86902ab7944.jpeg

7cd615ac-241a-4065-9d2e-fe726eb7a9fd.jpeg

04d5f3a2-e48f-491d-af4b-4d1bd7ecc4d9.jpeg

ummet.kz

Бөлісу: