«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің екі кіреберісі кеңейтіліп, жамағаттың құлшылық жасауына жағдай жасалды.
Мешіт қоғамдағы барлық мәселенің шешімін табуға, елдегі бірліктің, ынтымақтың сақталуына тікелей себепші болатын орын. Мешіттің кіреберісін кеңейту жұмыстары демеуші, жомарт азаматтардың атсалысуымен жүзеге асты.
Ибн Омардан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Екі түрлі адамға ғана қызғанышпен қарауға болады: Алла Тағала Құран ілімін нәсіп еткен соң, оны күндіз-түні оқып, оның үкімдерімен амал еткен ғалымға, сондай-ақ, Алланың берген байлығын күн-түн демей игі жолға жұмсаған жомартқа», – деп айтты» – делінген. Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) осы өнегесіне амал еткен атымтай жомарт жандарға мешіт ұжымы өз алғыстарын білдіреді.














ummet.kz