«Әл-Фараби»: «Рамазан – қайырымдылық айы» насихат кеші өтті (фото)

«Әл-Фараби»: «Рамазан – қайырымдылық айы» насихат кеші өтті (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылып, көпшілікке арналған насихат кеші өтті.

Бұл жолы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен өткізілген шарада «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахмет «Рамазан – қайырымдылық айы» тақырыбында көркем насихат айтты.

Насихат барысында рамазан – мұсылмандар үшін қайырымдылық пен мейірімділіктің қасиетті айы екенін, бұл уақытта жақсылық жасау, көмекке мұқтаж жандарға қолұшын созу, ауызашар беру және садақа тарату ерекше сауапты іс саналатынын, халқымыз бұл айда бір-біріне қамқорлық көрсетіп, ауызбіршілікті нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, наиб имам Алла елшісінің (с.ғ.с): «Кімде-кім Рамазанда Алла үшін кішкентай бір жақсылық жасаса, басқа айларда парыз өтегендей сауап алады. Ал, осы айда бір парыз өтеген адам басқа айларда 70 парыз өтегеннің сауабындай сауап алады» деген өсиетін айта келе мешіт жамағатын қасиетті айда көбірек қайырымдылық жасауға шақырды.

12362dbf-b042-4ffb-a4b2-b468dec1668a.jpg

59e9d168-f3c5-4588-8529-5353160c4f26.jpg

103f4f92-86b6-4549-aac2-fdafaa6bd888.jpg

dbc0dad0-bd5c-447f-a4dc-3b79108e0479.jpg

d627b4d7-f756-433a-aaca-18863374fc0c.jpg

4f6fcc98-a8a6-4d52-a65c-408623f60a92.jpg

ummet.kz

Бөлісу: