Жеңімпаз шәкірттермен жүздесті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Жуырда Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ІІ республикалық медресеаралық олимпиада өтіп, білім бәсекесінде еліміз бойынша 110 шәкірт бақ сынады.

Аталмыш аламанда жүзден жүйрік шыққан «Астана» медресесінің 3 курс шәкірті Қуаныш Серіков бас жүлдеге лайық деп танылып, бас мүфти қолынан Үлкен қажылық жолдамасына ие болған еді.

Бүгін діни білім саласындағы маңызы зор жарыста жүлдемен оралған әрі бас қала атынан қатысқан шәкірттерді ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қабылдады.

«Ислам бейбітшілікке қазық қаққан дін болса, бүгінгі бейбіт заманда, тыныштық үстемдік құрған уақыттағы дін саласындағы оң өзгерістер көңілге қуаныш ұялатады. Білім алу, ғылым игеру асыл дініміздің басты ұстанымының бірі. Елбасымыз білімді жастар – болашақтың кілтін ұстайтынын әруақытта айтып келеді. Ал дін саласы өз кезегінде сіздер мен біздерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бас мүфти дін болашағы бүгінгі медресе қабырғасынан қаланатынын айтып, олимпиада осы мақсатта ұйымдастырылды. Алла білім жолындағы сапарларыңызды сәтті қылғай» деді наиб мүфти Н.Тағанұлы.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: