Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Астанада «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде қыздар арасындағы республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті.

Қала мешіттеріндегі сауат ашу курсына қатысушы қыз-келіншектер Құран оқу бойынша білім бәсекесіне түсті. Жарысқа Қарилар орталығының директоры Сәдуақас Олжабай, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Төлеби Оспан және «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Өсерхан қазылық етті. Орталық мешіт өкілі Төлеби қари іріктеу сайысының мақсат-міндеттері мен талап-шарттарын түсіндірді.

Астана қаласы бойынша іріктеу сайысына 14 үміткер 10-30 пара бойынша білімдерін ортаға салды. Қазылар шешімімен әр параны сауатты оқыған 7 қатысушыға 1,2,3 орын беріліп, бірінші орын иелері Республикалық жарысқа жолдама алды.

Еске сала кетсек, 5-6 мамыр күндері «Нұр-Мүбарак» университетінде тұңғыш рет қыздар арасында республикалық Құран жарысы өтеді.


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі 

Бөлісу: