Жазғы сауат ашу курсы шақырады!

Мешіт тынысы
Жарнама

Құрметті елорда тұрғындары және мешіт жамағаттары!

Жылдағы игі дәстүр бойынша Астана қаласының мешіттері 6 мен 15 жас аралығындағы мектеп оқушыларын маусым айының 1-мен 30-ы аралығында өткізілетін жазғы сауат ашу курсына шақырады.

 Сауат ашу курсында жүргізілетін дәрістер:

- Құран әліппесі;

- Иман негіздері;

- Ислам әдебі.

Сондай-ақ, балалар арасында түрлі білім және спорттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылады. Түске дейінгі және түстен кейінгі ауысым жұмыс жасайды.

 

Қажетті құжаттар:

1.Ата-ананың өтініші;

2.Баланың анкетасы;

3.3 х 4 сурет бір дана;

4.Туу туралы куәлік көшірмесі.

Құжаттар мамыр айының соңына дейін қабылданады. Толық ақпаратты қала мешіттерінен немесе 44-58-48, 87757207510 телефонына қоңырау шалу арқылы біле аласыз.Сауат ашу курсы мешіттерде ақысыз жүргізіледі.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: