Медресе шәкірттерімен жүздесті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, "Нұр Астана" орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы "Астана" колледж-медресесінің шәкірттерімен кездесті.

Наиб мүфти Н.Тағанұлы кезекті оқу жылын аяқтағалы отырған шәкірттермен жазғы демалыс алдындағы жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар, медресе шәкірттерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, назар қойды. Дін білімін қосымша тереңірек алу, практикалық тәжірибе алмасу сынды шәкірттер сұраныстарына орай тиісті міндеттерді бағытқа жауапты қызметкерлерге бекітіп, орындалу барысын мұқият қадағалауды тапсырды.

«Білім алып, ғылым игеру асқан сабырлылық пен ынта-ықыласты қажет етеді. Руханият қызметшісі болуды мақсат еткендіктен осы жолда талмай-тынбай еңбек етіп, тер төгулеріңіз керек. Сіздердің міндеттеріңіз қазақ халқының тарихымен сабақтас ислам діні құндылықтарын насихат етіп, ел руханиятын көтеру» деді Н.Тағанұлы.

Мұнан өзге, наиб мүфти жазғы демалыс уақыттарын пайдалы өткізіп, бос әрі зиянды іс-әрекеттерден абай болуға шақырды. Кездесу соңында медресенің биылғы түлектеріне, болашақ дін мамандарына қажетті ақыл-кеңестер берді.


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: