Мешіттен мейірім сезінді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті Рамазан айына арналған бас мүфтидің биылғы үндеуінде республика көлемінде қайырымдылық шараларын көптеп өткізу бастамасы айтылған еді. Осы игі бастама аясында «Нұр Астана» орталық мешітінде көп балалы отбасыларға көмек жасалды.

Орталық мешіттің наиб имамдары Нұрлан Рамазан, Руслан Байзақов әр отбасыға он мың теңгедей қаржылай көмек және азық-түлік таратты. Дін қызметкерлері шара барысында жиылған жұртшылықты Рамазан айымен құттықтап, мұсылмандардың ауызбіршілікте болып, бір-біріне әрдайым қол созып, жұрт болып жұмыла еңбек етіп, игі қоғам қалыптастыру керектігін жеткізді.

Ал мешіт тарапынан мейірім мен жылу сезінген отбасылар жыл бойына жасалар жақсылықтардың Рамазанда арта түскеніне қуанышты екенін айтып, алғыс-тілектерін жаудырды. Асыл дінімізді дәріптеп, халықпен дәйім бірге болып, бұқараның қуаныш-мұңына ортақ жүретін имамдардың қызметтеріне береке, отбасыларына амандық тіледі.

Айта кетсек, орталық мешіттегі ізгі шаралар легі оразаның әр күнінде осы сынды қайырымдылық акцияларымен әрі ауызашарлармен жалғасын табады.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: