«Өзгеге өмір сыйла» акциясы өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешіті Республикалық қан орталығымен бірлесіп, «Өзгеге өмір сыйла» донорлық акциясын өткізді.

Елімізде донорлардың тапшылығынан көпшілік адамдар қиын жағдайларға тап болуда. Мұқтаж жанның қайғы-мұңына бей-жай қарамайтын мұсылман жамағаты бүгін «Нұр Астана» мешіті жанына арнайы келген Қан орталығы мамандарының медициналық көлігінде қан тапсыруға кезекке тұрды.

«Өзгеге өмір сыйла» донорлық акциясын өткізуге ұйытқы болып отырған «Нұр Астана» мешітінің бас имамы, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі Наурызбай Тағанұлы адамзат өміріне пайдалы істе барша бұқараның атсалысуы маңызды екенін айтуда. «Шараның басты мақсаты – өзіңе қалаған жақсылықты өзгеге де тілеу, үзілгелі тұрған тағдырларға қол жалғау, адамзаттың бір-біріне мейірім танытуы, бір сөзбен айтқанда мұсылманшылық сипатымыздан айнымау. Сол себепті, барша астаналықтардың осы бір игі іске үлес қосқаны қоғамға тигізген пайдасы деп білемін» дейді өкіл имам.

Салауатты өмір салтын ұстануды назарда ұстаған акция аясында 50-ге жуық мешіт жамағаты мен қала тұрғындары қан тапсырып, қайыры мол іске атсалысты.

Аталмыш акция бүгінмен шектелмейді, келесі жұма 1 мамырда сағат 9:00-13:00 аралығында "С.Ғылмани" мешітінде өткізіледі.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: