Әйел жамағатының білім сайысы өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде сауат ашу курсына қатысушы әйел жамағаты арасында білім сайысы өтті.

Үш топқа бөлінген 12 қатысушының жас ерекшеліктері де әркелкі. Әділ қазылар қатарында ҚМДБ-ның Жастар ісі бөлісі Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Эльмира Бұхарбаева, Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ұстазы Әлия Аусағатова болды. Жарыс алғысөзінде "Нұр Астана" орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазан діни білімнің маңыздылығын түсіндірді. Сайыстың қатысушыларға қояр талабы жоғары боларын айтып, сәттілік тіледі.

Айта кетсек, діни білім сайысы ҚМДБ Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханның «Исламдағы жүз сұрақ» кітабы бойынша жүргізілді. «Ақылды ұяшық», «Бейнесұрақ» және «Көрермен сұрақтары» тарауларымен өткен білім бәсекесіне белсене қатысқан «Фирдаус», «Алаш» және «Өркениет» топтары өз білім деңгейлерін таныта білді.

Қазылардың ортақ ұйғарымымен осы топтардың ішінен «Фирдаус» тобы 3 орынға, «Алаш» тобы 2 орынға, «Өркениет» тобы 1 орынға лайық деп бағаланды. Жеңімпаздарға арнаулы сертифкаттар мен сый-сияпаттар табысталды.

IMG 5977

IMG 6003

IMG 6012

IMG 6033

IMG 6046

IMG 6048

IMG 6054

IMG 6058

IMG 6063

IMG 6082

IMG 6100

IMG 6106

IMG 6115

IMG 6122

IMG 6155

IMG 6164

IMG 6190

IMG 6197

IMG 6207

IMG 6232

IMG 6244

IMG 6247

IMG 6250

IMG 6286

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: