«Теміржолшылар» жамағатына жүйелі уағыз жүргізілді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Күндердің сұлтаны, кедейлердің қажылығы болған жұма күнінде Астана қаласы, «Теміржолшылар» кентінде орналасқан «Әс-Сәлам» мешітінде қос бірдей игі шара өтті.

Атап айтар болсақ, кезекті жұма намазына елімізге белгілі исламтанушы, РАНТ мүшесі Қабылбек Әліппайұлы келіп, жамағатқа «Иман мен амал» тақырыбында уағыз жүргізді. Жамағат осы тақырыптың төңірегіндегі көптеген сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, «әс-Сәлам» мешіті жамағатына әр жұманың кешінде білікті де білімді ұстаздар шақырылып, салиқалы кездесу өткізу игі бір дәстүрге айналған.

Осы дәстүрге сәйкес, кешкі кездесуге келген «Әл-Ғани» мешітінің ұстазы Асхат Сәлімгерей жамағатқа «Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у) деген махаббат» жайында ғибратты насихат айтты. Пайғамбар өміртарихынан терең әсер алған жамағат Алла елшісіне (с.а.у) деген сүйіспеншіліктің қалай болу керектігін жете ұғынды. Қалыптасқан игі дәстүр жалғасы бас имам Нұрбол Әбсаттарұлының ұйытқы болуымен дастархан басындағы басқосуға ұласты. Жиын соңында барша жиналған жамағат мешіт ұжымына алғыстарын білдіріп, мешітке келген қонақ ұстазға жүрекжарды баталарын берді.

IMG 4422

IMG 4436

IMG 4485

IMG 4505

IMG 4526

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: