Көркем уағыз көңіл жұбатады (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Астана» медресесінде «Хақ дінге даналықпен шақыр» атты уағыз айтудан шәкірттер арасында сайыс өтті.

Жарысқа медресенің 3-курсында тәлім алатын 15 шәкірт қатысып, ислам құндылықтарын халыққа жеткізудегі меңгерген шеберліктерін көрсетіп бақты. Медресе-колледждің студенттерінің білім-біліктілігін оқу мекемесінің директоры Бекзат Ақжігіт пен директор орынбасары Қанат Қалымбет бағамдап, жеңімпаздарды анықтады. Сайыс соңында 3-орын «Амалымыз зая кетпесін» атты уағызымен Қанат Уақашовқа берілді. «Салауат» тақырыбында уағыз айтқан Нұрмұхаммед Нұров 2-орынға лайық деп танылды. Ал жарыстың жеңімпазы болып Ерболат Шаудырбай танылды.

Жүлделі орын иегерлеріне қаржылай сыйақы берілді.

Madre2

Madre3

Madre4

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: