«Салауатты жамағат» IV қалалық спартакиадасы өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Алау» спорт кешенінде «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Салауатты жамағат» IV қалалық спорттық ойындар сайысы өтті. Спорт додасына қаладағы сегіз мешіт, «Нұр Астана» орталық мешітінің сауат ашу бөлімі және «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани» атындағы қарилар орталығының құрама командалары қатысты.

Салауатты өмір салтын ұстану – саналы қоғамның таңдауы. Мемлекет тарапынан үлкен маңызға ие болған бастама, игі істердің ұйытқысына айналған Астана мешіттерінде де жалғасын табуда. Осы орайда ҚМДБ наиб мүфтиі, елорданың бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы осындай игі мақсатта бірнеше жыл қатарынан қала мешіттері мен медресесі қызметкерлері арасында әртүрлі спорттық жарыстарға пәрмен беріп келеді.

Денсаулықты шынықтырып, күш-қуатты арттыратын спорт саласынан мұсылман жұртшылығы, әсте, алыс емес. Себебі, адамзат игілігіне арналған жаттығу жарыстары өзіндік талап-ережелерге сәйкес, шариғатта құпталатын амал. Әз пайғамбар өсиетінде «Қуатты мүміннің әлсізге қарағанда Аллаға жақын әрі сүйікті екені» ашық айтылған. Демек, бүгінгі білек сыбанып, күш сынасатын сайыстың астаналық мұсылман жамағаты үшін мән-маңызы айрықша болмақ. 

Дүйім жұрттың делебесін қоздырған аламан жарысқа Астана қаласы әкімдігі қолдау білдірді. Шараның ашылу салтанатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы құттықтау сөз сөйлеп, ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізді.

«Құрметті бауырлар. Қасиетті Құранда Алланың жібінен, яғни дінінен бекем ұстап, бірлікті сақтап, бөлінуден аулақ болу жайында баяндалады. Мұсылман қауымы – осы қоғамның, халықтың бір үлкен бөлігі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әруақытта өз сөзінде бұқараны салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спортқа назар аударуға шақырып келеді. Бас мүфтиіміз де осы спорттық жарыстарға, жастардың, мұсылман жамағатының бірлігін арттыратын шараларға ерекше көңіл бөлуімізді тапсырды. Біздің ең үлкен бәйгеміз, басты жеңісіміз де – тек бірлік. Алла Тағала бізге бірлігі жарасқан ел болуымызды нәсіп етсін» деді аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы.

Сөз кезегінде «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазанов спорт сайысының асыл дініміздегі орны жайында пайғамбар хадистерімен түсіндіріп берді. «Бүгін керемет жиынның куәсі болып отырмыз. Құранда Алла Тағала «Ізгі істе, жақсылықта жарысыңдар» дейді. Яғни, адамзат игілігіне жарайтын жақсы істерде бас қосып, сол жолда жарысу Жаратқанның алдында жағымды амалдар. Сахабалар пайғамбарымыздан не нәрседе қуатты болуды сұраған кезде, «барлық нәрседен» деп жауап береді. Бұл дегеніміз - жан қуаты, тән қуаты, сана қуаты, рухани байлық, т.б. Әз пайғамбарымыздың өмірбаянын қарасақ, күрескенін байқаймыз. Пайғамбар сүннетіне сай ізгі шаралар ұйымдастыру әрі салауатты өмір ұстанымын жаңғырту құптарлық іс. Ойыншыларға Алладан медет сұрап, баршаларыңызға сәттілік тілейміз» деді Нұрлан Рамазанов.

Сондай ақ  қалалық спорт басқармасының өкілі, Бас төреші Дәулет Тұратұлы ойын шарты мен ережесіне тоқталды.

Командалар аламан жарыста «Сәлемдесу», «Үй тапсырмасы», «Аламан», «Қаппен секіру», «Көңілді хоккей», «Көкпар», «Арқан тарту», «Капитандар сайысы» бойынша күш сынасты. Тартысты өткен спорт додасы үш сағатқа созылды.

Қазылар алқасы сегіз тур бойынша балдық жүйемен топтың белсенділігін бағалап, шын жүйрікті анықтауға ден қойды. Әділ қазылардың ортақ ұйғарымымен «Төлебай» мешітінің «Сұңқар» командасы – 1 орын, «Ғылмани» мешітінің «Сарыарқа» командасы – 2 орын, ал 3 – ші орынға Қосшыдағы Республикалық қарилар орталығының "Қыран" командасы ие болды. Бұдан бөлек сайысқа қатысқан барлық команда мүшелеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар үлестірілді. Көрермендер көзайымына ие болған 14 кішкентай сайыскерге "Жас қыран" номинациясы бойынша арнайы сыйлықтар берілді. Бір сөзбен айтқанда мерекелік сайыста ешкім сыйлықсыз, құр алақан қайтпады. Жамағат арасындағы бауырластық пен достық жеңіске жетті. 

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы мешіттерінің арасындағы дәстүрлі сайыс биыл төртінші жыл қатарынан өтіп келеді.

Шараға қатысты барлық фотоларды біздің ФОТОГАЛЕРЕЯ айдарында көре аласыздар.

IMG 5564

IMG 5638

IMG 5674

IMG 5688

IMG 5705

IMG 5657

IMG 7180

IMG 5743

IMG 5741

IMG 5750

IMG 5752

IMG 5753

IMG 5756

IMG 5726

IMG 5765

IMG 5805

IMG 5767

IMG 5904

IMG 5773

IMG 6472

IMG 5989

IMG 6008

IMG 6038

IMG 5842

IMG 6141

IMG 6083

IMG 6415

IMG 6098

IMG 6657

IMG 6808

IMG 6441

IMG 6325

IMG 6367

IMG 6955

IMG 7094

IMG 6539

IMG 7187

IMG 5880

IMG 7199

IMG 7214

IMG 7269

IMG 7322

IMG 7311

IMG 7277

IMG 7281

IMG 7377

 

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: