Діни білімнің маңызын түсіндірді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Астана қаласы Қырқыншы станса елді мекеніндегі «Әс-Сәлам» мешітіне «Астана медресесінің» директорының бірінші орынбасары Қанат Қалымбетұлы келіп, «Ілім - мұсылманның қорғаны» тақырыбында жамағатқа уағыз айтты.

Қанат Қалымбетұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған діни білім беру жүйесін қалыптастыру, діни білім беруді дамытудың тұжырымдамасы жайында сөз қозғады. «Ислам діні пайда болғалы мұсылмандарды ғылым-білімге шақырумен келеді. Қасиетті Құранның 700 жуық жерінде ғылым, білім туралы бекер айтылмаса керек. Құранның адам баласына түсірген бірінші сөзі – «Оқы!» деген аятпен түсуі де кездейсоқтық емес» деді Қ.Қалымбетұлы.

Уағыз соңында мешіттің бас имамы Нұрбол Абсаттарұлының ұйымдастыруымен жамағатқа арнайы дастарқан жайылды. Дастарқан басында жамағат келген қонақ ұстазға көкейтесті сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Мешіт жамағаты әсерлі уағыздан рухани күш алып, қонақ ұстазға және осыны ұйымдастырған мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.

Dinn1

Dinn3

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: