«Жақсылықта жарысайық» ізгілікке үндейді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Жақсылық жасау – адам баласының асыл қасиеті. Ал ізгілікке құштар болу мұсылман баласын имани кемелділікке жетелейді. Ізгі орта, жақсы қоғамды қалыптастырады. Кеше «Нұр Астана» орталық мешіті жанынан құрылған «Жақсылықта жарысайық» атты жамағат тобы бір айдағы жасалған қайырымдылық қорытындысын көпшілікке таныстырып, жұртшылыққа дастарқан жайды.

Атаулы шарада «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай жиылған жұртшылықты «Жақсылықта жарысайық» тобының мақсат-міндеттері мен жұмыстары жайында таныстырып өтті. Шараға қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы жігерлі жастардың игілікті іске ұйытқы болғанына ризалық білдіріп, көпшілікке үлгі етті. «Асыл шариғатымыз адамзатты тек жақсылыққа, ізгілік пен игілікке бөлеуді мақсат тұтады. Мешітімізде тәлім-тәрбие алып, имамдардан имани құндылықтарды бойына сіңірген жамағаттың бір жеңнен қол шығарып бірігіп, қайырымдылық істерін атқарып жүргені көңіл қуантады. Қасиетті Құран Кәрім мұсылмандарды ізгілікте, жақсылықта жарысуға үндейді. Пайғамбар өсиеті де осыны насихаттайды. Алла осы ізгі істерге үн қосқан жастарымызға жар болсын» деді Н. Тағанұлы.

«Жақсылықта жарысайық» қайырымдылық тобы – «Нұр Астана» мешітіне келуші тұрақты жамағат, жастардан құралған. Қоғамның әртүрлі салаларында жұмыс істеп, елі мен отбасына қызмет ететін мұсылман жастары қайырымдылық ісіне де айрықша көңіл бөледі. Осы уақытқа дейін ізгі жастар тобы 270 рет қайырымдылық көмегін атқарып, жалпы сомасы 5 миллион теңгеге жуық қаражатқа қаладағы мұқтаж отбасыларға азық-түлік, тұрмыстық заттар жеткізген.

Jaksylyk1

Jaksylyk2

Jaksylyk3

Jaksylyk4

Jaksylyk5

Jaksylyk6

Jaksylyk7

Jaksylyk8

Jaksylyk9«

Jaksylyk10

Jaksylyk11

Jaksylyk12

Jaksylyk14

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: