Форум жүктеген міндеттер тарқатылды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін шейх Кунта қажы мешітінде Астана имамдарының жиналысы өтті.

Жиын жуырда ғана өткен «Ислам және өркениет» атты II Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарды талқылап, тиісінше талап-міндеттерді тарқатып, дін қызметкерлеріне жүктеу мақсатында ұйымдастырылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Республикалық имамдар форумында көтерілген тақырып пен құжаттағы негізгі мәселелер жайында баяндап, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Рухани жаңғыру аясындағы мақаласына тоқталды. «Руханиятымыздың тамыры тереңде жатқанын Елбасымыз өз мақаласында елеп-екшеп, көрсетті. Бүгінгі заманның талабына сай әрі қажетті жаңалықтарды, білім мен ғылымды игерумен қатар өз рухани тірегімізге де мығым болудың маңыздылығын Мемлекет басшысы пайымынан айқын аңғардық. Республикалық форум имамдардың дәстүрімізге қайшы ағымдарға қарсы күрес жүргізе білетін әрі жан-жақты білімі болуы қажеттігін, сондай-ақ «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымы ел мұсылмандарының діни бағыты екенін айқындады. Зияткер имам қазіргі қоғам үшін аса қажетті, сол себепті дін қызметкері дәстүрлі дінімізді насихаттаумен қатар, әртүрлі білім салаларына жетік болуы ләзім» деді наиб мүфти Н.Тағанұлы.

Жиын барысында Төлебай мешітінің бас имамы Асхат Сәлімов «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы, ал әл-Ғани мешітінің бас имамы «Ислам және өркениет» форумының бағыт-бағдары жайында баяндама жасады. Ал «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Руслан Байзақов еліміздің бірқатар өңірлерінде орын алған су апатына байланысты бас мүфти тапсырмасы аясында қала мешіттерінің «Астана асары» атты қайырымдылық керуенінің дайындығы жайында есеп берді. Наиб мүфти Н.Тағанұлы бұл ретте су апатынан зардап шеккен аймақ тұрғындарына қайырымдылық жасауда барлық имамдарды белсенді жұмыс жүргізуге шақырды.

Foor1

Foor2

Foor3

Foor4

Foor5

Foor6

Foor7

Foor8

Foor9

Foor10

Foor11

Foor12

Foor13

Foor14

Foor15

Foor16

Foor17

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

Бөлісу: